Полицияның ақпаратына сәйкес, Орал қаласы әкімінің автокөлігі 83 жастағы зейнеткер айдаған «Фольксваген-Гольф» автокөлігімен соғысып қалды.
Апат салдарынан Орал қаласының әкімінің кеудесі, жүрегі мен бүйрегіне зақым келіп, басынан жарақаттанды. «Фольксваген-Гольф» автокөлігінің жүргізушісі де түрлі жарақаттар алды. Ал әкімнің жұмыс көлігін айдайтын жүргізуші аман қалған.
Полицияның ақпаратына сәйкес, жол апатына «Фольксваген-Гольф» автокөлігінің жүргізушісі себепкер, ол бұрылыста көлігін басқара алмай қалған.
Зардап шеккен екі адам да облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті