Оның айтуынша, «Қазына» тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамының басқармалары төрағасы мен оның орынбасарларының жалақысы 5 мың АҚШ долларын құраған, «ал түрлі үстемелерді қосқанда жалақы көлемі айына 10 мың долларға жететін болған».
«Кеше «Қазына» қорының жетекшілері басшылықтың жалақысы түрлі қосымшаларды қоса есептегенде ай сайын 5 мың доллардан аспауға тиіс деген шешім қабылдады»,- деді Қ.Келімбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті