Облыс әкімі Нұрлан Нығматулин кеншілердің алдына шықты. «Облыс әкімі мен бастаған билік сіздердің жақтарыңыздамыз», деп мәлімдеді өңір басшысы.
«Біз сіздердің жалақыны көтеру және жұмыс жағдайын жақсарту жөніндегі талаптарыңызды қолдаймыз. Біз «Миттал Стил Теміртау» компаниясының басшылығымен қатаң келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сіздер бізге сеніңіздер»,- деді әкім.
Ол сондай-ақ қазір Шахтинск қаласын дамыту жөніндегі жаңа бағдарламаның жобасы жасалып жатқанын жеткізді. «Біз жылдар бойы жинақталып қалған тауқыметтерді бірлесіп шешетін боламыз»,- деп сендірді Н.Нығматулин.
Ғимарат алдындағы алаңға 500-дей адам жиналды. Ал қалалық әкімшілік ғимаратында келісім комиссиясының жиналысы өтуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті