«Қазіргі жағдаймен СПИД орталығының республикалық зертханасы 63 бала мен үш әйелден ВИЧ індетін анықтады»,- деді К.Курбанов. Бес бала қайтыс болса, біреуі шетелге шығып кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, республикалық зертханада қазір тағы 6 бала мен 11 әйелдің сынамалары тексеріліп жатыр. Науқастармен байланыста болған балалар тексерілуде. 30 баланың ата-анасы баласын тексертуден бас тартқан. Медицина қызметкерлері олармен түсініктеме жұмыстарын жүргізуде.
Қазір індет жұқтырған алты бала антиретровирустық емдеуден өтуде. Олардың үшеуі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр, үшеуі стационардан шығып үйлерінде ем қабылдауда. Тағы алты бала басқа да ауруларынан емделуде. Оның ішінде төртеуі облыстық құрт ауруына қарсы диспансерде, екеуі облыстық балалар ауруханасында жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті