Астанада несие түрінде қате берілген 10 мың доллар қаржы "Тексака-банкке" қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада несие түрінде қате берілген  10 мың доллар қаржы "Тексака-банкке" қайтарылды

Астанада несие түрінде қате берілген 10 мың доллар қаржы "Тексака-банкке" қайтарылды

АСТАНА. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қылмыстық полицияның қызметкерлері несие түрінде қате берілген 10 мың доллар қаржыны "Тексака-банкке" қайтарды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ қылмыстық полициясы комитетінен хабарлады.

  • 28 Қыркүйек 2006
  • 434
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27-қыркүйекте «Тексака-банк» АҚ-ның Астанадағы бөлімшесінің басшылғынан ҚР ІІМ қылмыстық полициясы комитетіне арыз келіп түскен. Онда банк басшылығы аталмыш банктің кассирі қателесіп бір әйел клиентке 1000 доллар көлеміндегі тұтыным несиесінің орнына 10 мың доллар беріп қойғанын хабарлаған.

Кассирден ақшаны алған әйел ізін жасырып кеткен.

Шұғыл іздестіру шараларының барысында іздеудегі әйелдің бірге тұратын көңілдесінің тұрғылықты жері анықталып, сол жерден табылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта