Шіркеуден ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікпен екі жасөсіпірім ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шіркеуден ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікпен екі жасөсіпірім ұсталды

Шіркеуден ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікпен екі жасөсіпірім ұсталды

АЛМАТЫ. 2-қазан. Kazakhstan Today. Алматы облысы Қапшағай қаласында орналасқан Рим католик шіркеуінен ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікпен екі жасөсіпірім ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Қазан 2006
  • 350
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен дүйсенбіде полициядан көмек сұрай келген костел әкімшісі шіркеуден ірі көлемде ақша тоналғанын хабарлаған. «Белгісіз біреулер терезе арқылы кіріп, металл сейфтен 10 мың доллар мен 5 мың евроны алып кеткен»,- деп хабарлайды полиция.

Шұғыл іздестіру шараларының барысында 15 және 16 жастағы екі жасөспірім ұрлыққа қатысы бар күдікті ретінде ұсталды. «Екі жасөспірім де осы шіркеуде кедейлер ретінде тұрып жатқан. Оларды тәрбиелеуге ақшасы болмауға байланысты ата-анасы осы жерге әкеліп берген», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жасөспірімдер істеген қылмыстарын мойындады. Тәртіп сақшылары олардан 7,1 мың доллар, 2500 евро, ұрланған ақшаға сатып алынған ұялы телефон мен мопед

тәркіледі.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ұрлық жөніндегі 175-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де Қапшағай ҚІІБ-ның уақытша тергеу абақтысында отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта