Өнеркәсіптік тауарлар нарығында өткен айда жеміс және көкөніс 4,9%, қант — 1,1% арзандады. Жұмыртқаның бағасы 3,8%, жарма және сүт өнімдері -1,8% өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында негізгі өсім бензинге — 6,0%, көмірге — 1,9%, дизель отынына — 1,7% тиесілі.
Халыққа ақылы қызмет көрсету құрылымында білім беру қызметі 8,6%, жолаушылар тасымалдау қызметі — 2,7%, тұрғын үйді жалға алу — 1,2% қымбаттады. Байланыс мекемелерінің қызметі 0,1% арзандады.
2006 жылдың басынан бері тұтыну нарығындағы бағаның өсуі 5,9% болды (2005 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында — 5,0%). Ағымдағы жылдың 9 айында азық-түлік тауарларының бағасы 4,4% (4,8%), оның ішінде қант — 20,3%, жеміс және көкөніс — 13,1% өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бензинге бағаның 22,5% өсуі нәтижесінде 5,4 (4,0%) қымбаттады. Ақылы қызмет көрсетуге арналған тарифтер 2006 жылғы қаңтар-қыркүйекте 8,9% (6,2%), оның ішінде тұрғын үйді жалдау — 16,5%, көлік қызметі — 16,1%, білім беру қызметі — 11,4%, сумен жабдықтау — 9,8%, медициналық қызмет көрсету — 9,6% артты.
2006 жылғы қыркүйекте инфляция жылдық көрсетумен 8,5% болды (2005 жылғы желтоқсанда — 7,5%), азық-түлік тауарлары 7,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 7,3%, ақылы қызмет көрсету 10,7% қымбаттады.