Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала қаза тапты

ШЫМКЕНТ. 4-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұқарамен байланыс бөлімінен хабарлады.

  • 4 Қазан 2006
  • 429
Фото - Caravan.kz

Департамент ақпаратына сәйкес, Мақтаарал ауданының бес айлық нәрестесі қайтыс болды. Оған тумысынан жүрек ақауына шалдыққан деген диагноз қойылды. «Бұл ВИЧ індетін жұқтырған балалардың арасындағы алтыншы өлім»,- дейді ақпарат көзі.

Департаменттегілердің хабарлауынша, балалармен бірге ересектер де ВИЧ індетінен тексеріледі. «Қазір соңғы алты айда қан ауыстырғызған ересектердің тізімі жасалуда», деді ақпарат көзі.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау департаментінен хабарлағанындай, бүгін Шымкентке Украинадан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесшісі болып істейтін Светлана Комар келіп жетті. Бұл балалар арасында ВИЧ індеті белең алуға байланысты облысқа келген екінші шетелдік маман. Санкт-Петербургтегі ВИЧ індетін жұқтырғандар мен балаларға көмек көрсету орталығының жетекші психологы Елена Ведмедь бір аптадан бері облыс орталығында жұмыс істеуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта