Қостанай облысында 5 млн. тонна астық жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 5 млн. тонна астық жиналды

Қостанай облысында 5 млн. тонна астық жиналды

ҚОСТАНАЙ. 5-қазан. Kazakhstan Today. Қостанай облысында 5126,3 мың тонна астық жиналды. Бұл былтырғы түсімнен 1,1 млн. тоннаға артық, деп хабарлайды облыстық әкімшілік.

  • 5 Қазан 2006
  • 387
Фото - Caravan.kz

Биыл дәнді дақылдардың орташа түсімі бір гектардан 14,2 центнерге жетті.

Жиын-терім жұмыстары негізінен аяқталды: 3610,1 мың гектардан дәнді дақылдар жиналып бастырылды. Бұл жалпы егіс алқаптарының 99,9 процентіне тең.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биыл Қостанай облысында тұқым себілген алқап көлемі былтырғыдан 217 мың гектарға артып, 3613,1 мың гектарды құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта