Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мәжіліс жылдың аяғына дейін қарайды - жұмыс тобы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мәжіліс жылдың аяғына дейін қарайды - жұмыс тобы

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мәжіліс жылдың аяғына дейін қарайды - жұмыс тобы

АСТАНА. 5-қазан. Kazakhstan Today. Мәжіліс "Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы" заң жобасын жылдың аяғына дейін қарайды. Бұл туралы мәжілістің осы заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тінікеев бүгін журналистерге хабарлады.

  • 5 Қазан 2006
  • 528
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, заң жобасындағы ең бір даулы нормаға қатысты Қазақстанның омбудсмені мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының оң қорытындысы болмайынша, оны жұмыс тобы қарай алмайды. Бұл «Ішкі істер органдары туралы» заңға енгізілетін түзетулер. Олар құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне «ұйымдастырушылар мен қатысушылар шараны өткізудің республиканың заңнамалық актілерінде белігленген тәртіптерін бұзған жағдайда, сондай-ақ, жергілікті атқарушы билік органдары өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, ереуілдер мен пикеттерді тоқтату үшін» арнаулы құралдар мен күш қолдануға рұқсат береді. Бұл түзету саяси партиялар мен құқық қорғау ұйымдары тарапынан сынға ұшырағаны белгілі.

Аталмыш заң жобасында сондай-ақ Әкімшілік заң бұзушылықтар кодексіне өзгерістер енгізіп, сол арқылы митингілер, шерулер мен ереуілдер секілді бұқаралық шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту көзделген. Заң жобасында әкімшілік тұтқындау шарасы қарастырылған әкімшілік заң бұзушылықтардың түрлерінің тізімі нақтыланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта