Алматы облысында өрт салдарынан автовоз бен сегіз жеңіл автокөлік өртеніп кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында өрт салдарынан автовоз бен сегіз жеңіл автокөлік өртеніп кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Алматы облысында өрт салдарынан автовоз бен сегіз жеңіл автокөлік өртеніп кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 6-қазан. Kazakhstan Today. Алматы облысында өрт салдарынан автовоз бен сегіз жеңіл автокөлік өртеніп кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қазан 2006
  • 360
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Іле ауданында Алматы-Қарағанды тас жолының 128-шақырымында 5-қазанда 21 сағат 20 минутта тоғыз жеңіл автокөлікті әкеле жатқан «Вольво» автовозының жанармай құятын багында жанармай тұтанды.

Апат салдарынан автовоз бен сегіз жеңіл автокөлік өртеніп кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі анықталу үстінде. Өртті 21 сағат 50 минутта ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 5 адамы мен 1 техникасы сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта