Президент бөлімшенің жатақханасын, оқу корпусын, әскери машиналар мен техника паркін аралап көрді.
«Сіздер аталарыңыз бен әкелеріңіздің даңқты батырлық дәстүрлерін жалғастырып, өздеріңіздің білімдеріңіз бен біліктеріңіз арқылы еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға лайықты үлес қосып келесіздер, деп сенемін. Сіздерге біздің Отанымызды қорғау, оның теңіздегі шекараларын күзету тәрізді абыройлы міндет жүктелген. Адал қызмет етіңіздер, өздеріңіздің жауынгерлік және конституциялық парыздарыңызды мақтанышпен әрі абыроймен орындаңыздар», — деді мемлекет басшысы гвардиялық құраманың әскери қызметшілерімен кездесу кезінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті