2007-жылы елімізде 64 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндіріледі деп межеленген - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылы елімізде  64 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты  өндіріледі деп межеленген

2007-жылы елімізде 64 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндіріледі деп межеленген

АЛМАТЫ. 6-қазан. Kazakhstan Today. 2007-жылы елімізде 64 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндіріледі деп межеленген. Бұл туралы бүгін еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Болат Ақшолақов Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің энергетика саласындағы ынтымақтастығына арналған семинар барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қазан 2006
  • 387
Фото - Caravan.kz

«2007-жылы елімізде 64 млн. тонна, 2008-жылы — 70 млн. тонна, 2009-жылы — 78 млн. тонна, 2010-жылы — 84 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндіріледі деп межеленген»,- деді ол.

2005-жылы елімізде 61,65 млн. тонна, ал 2006-жылдың алғашқы жартысында 31,2 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілді. 2006-жылдың аяғына дейін 62,5 млн. тоннасын өндіру көзделген.

Қазақстан бойынша көмірсутегі шикізатының расталған және алынатын қоры 4,8 млрд. тонна (35 млрд. баррель) мұнай, 3,4 трлн. текше метр газды құрайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта