Ленин атындағы шахтада екі кеншінің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ленин атындағы шахтада екі кеншінің мәйіті табылды

Ленин атындағы шахтада екі кеншінің мәйіті табылды

ҚАРАҒАНДЫ. 6-қазан. Kazakhstan Today. 20-қыркүйекте Ленин атындағы шахтада метан жарылысы кезінде мерт болған 41 кеншінің екеуінің мәйіті кеше ғана табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлаған.

  • 6 Қазан 2006
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Кеше Ленин атындағы шахтада жер асты жұмысшылары жөндеу жұмыстары кезінде 20-қыркүйекте метан жарылысы кезінде мерт болған 41 кеншінің екеуінің мәйітін тауып алды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. «44 жастағы Александр Степляков пен 39 жастағы Еркін Қыдырбаевтың мәйіттері табылды»,- дейді прокуратурадағылар.

Мәйіттерді жөндеушілер ауысымында істейтін жұмысшылар тауып алып, жер бетіне шығарып, туыстарына өткеріп берді. Кеншілердің айтуынша, «мәйіттер бүтін». Кеншілердің пайымдауынша, әріптестері есінен танып қалған жерінен дер кезінде тауып алмау салдарынан қаза тапқан болуы ықтимал.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-қыркүйекте Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтада метан жарылысы салдарынан 41 кенші опат болды. Метан жарылысының қуаттылығы сонша, кейбір кеншілердің денесі бір шақырымдай жерге лақтырылған болатын. Қаза тапқандарды іздестіру жұмыстары 4 шақырымдық радиуста жүргізілген.

Жарылыстың себептерін анықтаған үкіметтік комиссия апат тау-кен жұмыстары мен еңбек қорғау тәртіптерін өрескел бұзу салдарынан болған деген тұжырымға келді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта