Саяси жүйені демократияландырудың мақсаты бірінші кезекте азаматтар тарапынан билікті бақылауды күшейту мен нығайтуға саяды - Назарбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саяси жүйені демократияландырудың мақсаты бірінші кезекте азаматтар тарапынан билікті бақылауды күшейту мен нығайтуға саяды - Назарбаева

Саяси жүйені демократияландырудың мақсаты бірінші кезекте азаматтар тарапынан билікті бақылауды күшейту мен нығайтуға саяды - Назарбаева

АСТАНА. 9-қазан. Kazakhstan Today. Саяси жүйені демократияландырудың мақсаты бірінші кезекте азаматтар тарапынан билікті бақылауды күшейту мен нығайтуға саяды. Бұл туралы бүгін мәжіліс депутаты, "Отан" партиясы төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Ү отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Қазан 2006
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Көп партиялы жүйе, дамыған азаматтық қоғам мен баспасөз бостандығы жағдайында ғана қоғам тарапынан тиімді бақылау орнатуға болады»,- деді Д.Назарбаева.

«Тіпті кемелденген мемлекеттік жүйелер де кейде саяси тұрақсыздық пен экономикалық дағдарыстарға ұшырап жатады», деді ол. «Бірқатар ғалымдар мұндай дағдарыстарға сыбайлас жемқорлықтың себепкер болатынын айтуда. Ал жемқорлық еркін саяси бәсекелестік пен қоғам тарапынан биліктің іс-әрекеттерін бақылау жоқ жерде белең алады». «Мемлекеттік басқару органдарының әлсіздігі, тиімсіз экономикаылқ саясат, заңсыздық пен бассыздық, жегіштік пен кедейлік- міне, осылар сыбайлас жемқорлықтың кесірлері»,- деді ол.

Дүниежүзінде ең басты әмбебап құндылықтар ретінде жан басына шаққандағы жоғары кіріс, өмірдің ұзақтығы мен балалардың өлімі көрсеткішінің төмендігі танылған, деді Д.Назарбаева. «Біздің елімізде бұл критерийлер экономикалық мүмкіндіктерімізге толыққанды сай келе бермейді»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта