«Көп партиялы жүйе, еркін саяси бәсекелестік — оппозициялық партиялар тарапынан биліктегі партиялардың іс-қызметін қатаң қадағалауды меңзейді»,- деді ол.
«Оппоненттің сыбайлас жемқорлық пен билікті асыра пайдалануға жасаған кез-келген қадамы саяси текетірестің аргументіне айналып, биліктің өзгеруіне алып келуге тиіс»,- деді ол. Д.Назарбаеваның пікірінше, мемлекеттік комиссияның міндеті — оппозициялық партиялардың осындай қоғамға қажетті «санитарлық іс-қызметіне» кедергі келтірмейтіндей заңдар мен тәртіптердің жиынтық жобасын жасауға саяды. «Саяси себептерге байланысты саяси қарсыластардың соңынан түсу, сайлау заңнамасымен ойнап, қолшоқпарға айналдыру мүмкіндіктері жойылуға тиіс»,- деді ол.
«Заңның үстемдік құруы, еркін саяси бәсекелестік, кемелденген азаматтық қоғам — міне бұл өзіміз көздің қарашығындай сақтайтын құндылықтар. Осындай жағдайда ғана әрбіреуіміз мемлекеттік машина тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық пен бассыздықтан қорғалатын боламыз»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті