2008-жылдан бастап елімізде автокөлік жолдары желісін қаржыландыру көлемін 1,5-3 млрд. доллар деңгейінде ұстау қажет - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008-жылдан бастап елімізде автокөлік жолдары желісін қаржыландыру көлемін 1,5-3 млрд. доллар деңгейінде ұстау қажет - үкімет басшысы

2008-жылдан бастап елімізде автокөлік жолдары желісін қаржыландыру көлемін 1,5-3 млрд. доллар деңгейінде ұстау қажет - үкімет басшысы

АСТАНА. 18-қазан. Kazakhstan Today. 2008-жылдан бастап елімізде автокөлік жолдары желісін қаржыландыру көлемін 1,5-3 млрд. доллар деңгейінде ұстау қажет. Бұл туралы республика үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Қазан 2006
  • 352
Фото - Caravan.kz

«2008-жылдан бастап елімізде автокөлік жолдары желісін қаржыландыру көлемі 1,5-3 млрд. долларды құрайды. Осы көлемді сақтап қалған жөн»,- деді үкімет басшысы.

«Ал бюджеттен қаржыландыру көлемін 70-80 млрд. теңгеге жеткізу қажет. Бұл 600-800 млн. доллар. Ал 1 млрд. доллары — несиелік қаржы болмақ»,- деді үкімет басшысы.

Ал еліміздің көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов жергілікті автокөлік жолдарын салу мен жаңалауды қаржыландыру жұмысы 2007-жылы «үзіліп қалайын деп отыр», деп мәлімдеді. «Жоспарланған 15 млрд. теңгенің 5,5 млрд. теңгесі ғана бөлінбек»,- деді ол.

Жалпы алғанда министрдің айтуынша, «6 жылда жергілікті маңызы бар жолдар желісін дамытуға жұмсалатын инвестиция көлемі 270 млрд. теңгені құрайды».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта