Заңмен құрылыс қызметіндегі бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына шетелдік қатысушылардың үлесін 49 процентпен шектейтін нормалар алып тасталынады. Сол арқылы шетелдік жеке және заңды тұлғалардың мемлекетіміздің аумағында сәулет, құрылыс қызметін жүзеге асыруына жасалатын кедергілер жойылады.
Осыған байланысты отандық кәсіпкерлердің шетелдік құрылыс компанияларымен ынтымақтастығы артып, бәсекелестігі үшін мүмкіндіктер кеңейе түседі. Құрылыс индустриясының қажеттілігін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға да жағдай жасалатын болады. Сол секілді халықаралық талаптардың орындалуы назарға алынады. Талаптардың сақталуы республикамыздың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін қажет.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті