Ақтауда қарашаның аяғында инвестициялық форум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда қарашаның аяғында инвестициялық форум өтеді

Ақтауда қарашаның аяғында инвестициялық форум өтеді

АҚТАУ. 20-қараша. Kazakhstan Today. Ақтауда 27-28-қарашада "Маңғыстау облысының инвестициялық ахуалы мен мүмкіндіктері" тақырыбында бірінші инвестициялық форум өтеді. Шараны "Маңғыстау" атты инвестициялық компания мен Алматыдағы аймақтық қаржы орталығы ұйымдастырады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Маңғыстау" инвестициялық компаниясы басқармаларының төрайымы Жәмилә Сәрсенбаева хабарлады.

  • 20 Қараша 2006
  • 679
Фото - Caravan.kz

Форумға даму институттары, отандық және шетелдік банктер, соның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкі, Әлемдік банк, қазақстандық және ресейлік ірі брокерлер мен кәсіпкерлер қатысады.

Ж.Сәрсенбаеваның айтуынша, форумға сонымен бірге экономика және бюджетті жоспарлау, индустрия және сауда, көлік және коммуникациялар, туризм және спорт министрлері, инвестициялық қорлардың өкілдері, соның ішінде «Қазына» қорының өкілдері шақырылған. Оған сондай-ақ ЕурАзЭҚ пен Ресейдің іскерлік өкілдері де атсалысады деп күтілуде.

«Форум өткізу арқылы біз тек облыс экономикасына инвестиция қабылдауға дайын екенімізді мәлімдеп қана қоймай, сонымен бірге біздің өндірістік және экономикалық жетістіктерімізді де паш етіп, жаңашылдар мен бастамашыларға өз идеяларын жүзеге асыруға көмектесуді көздеп отырмыз»,- деді Ж.Сәрсенбаева.

Оның айтуынша, ынтымақтастыққа, өзара мүдделестікке, достық және іскерлік байланыстар орнатуға бағытталған форум жұмысы Маңғыстау облысында жасалған инвестициялық және инновациялық жобаларды табысты жүзеге асыруға оң серпін бермек.

Форумның екінші күні «дөңгелек үстелдер» өткізіледі. Тақырыптары да әртүрлі. Атап айтсақ, еркін экономикалық аймақтарды құру және дамыту, оларлың артықшылықтары мен кемшіліктері, Маңғыстау облысының тарнспорттық әлеуетін іске асыру, мұнай химиясы мен туризмді дамыту т.б.

Шара барысында Алматыдағы аймақтық қаржылық орталық өз тұсаукесерін өткізеді. Инвесторлардың назарына облыстық әкімшілік жобасын жасаған «Жер-теңіз-аспан» атты мультимодальдық интеграцияланған жоба таныстырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта