Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиевтің айтуынша, 43 жастағы жүргізушінің үстінен жолаушылар шағым айта бастаған. Ол біртүрлі қылық көрсетіп, адамдардың өміріне қауіп төндірген.
Жүргізушіні тексерген кезде оның қалтасынан 50 грамм марихуана, ал «ГАЗельге» тінту жүргізген кезде тағы да 200 грамдай есірткі табылды.
Оның үстінен ҚР ҚК есірткіні заңсыз сақтау жөніндегі 259-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сонымен бірге тұтқын сату үшін марихуана өсірген деген күдік бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті