Алматы әкімі рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді елге әкелуге тыйым салу мен оларды қолданыстан алу туралы шешімді дұрыс деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді  елге әкелуге тыйым салу мен  оларды қолданыстан алу туралы шешімді дұрыс деп санайды

Алматы әкімі рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді елге әкелуге тыйым салу мен оларды қолданыстан алу туралы шешімді дұрыс деп санайды

АЛМАТЫ. 20 қараша. Kazakhstan Today. Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің 2007 жылдың 1 қаңтарынан рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді елге әкелуге тыйым салу мен 2009 жылдан бастап оларды қолданыстан алу туралы шешімін дұрыс деп санайды, деп хабарлайды қала әкімінің ресми сайты.

  • 21 Қараша 2006
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Қабылданған шешімге келетін болсақ, мен оны толық қолдаймын. 1 қаңтардан бастап рулі оң жақта орналасқан автомашиналарды әкелу мен 2010 жылдан бастап оларды қолданыстан алып тастау мақсаты қойылды. Мерзім анықталды, менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім, осы ретте біз жұмыс жасаймыз»,- деді И.Тасмағамбетов дүйсенбі күні Рысқұлов даңғылы, Сейфуллин және Жансүгіров көшелерінің қиылысында салынып жатқан автомобиль айрығының жаңа көпір эстакадасында қозғалыстың ашылу рәсімінен кейін өткен брифингте.

Әкім журналистерге жаңадан енгізілген тәртіптің негізделгенін дәлелдейтін статистикамен танысуды ұсынды.

«Республикада, жалпы 103 мыңға жуық оң жақ рульді автомашиналары бар, олардың 63 мыңы біздің қалада. Бұл 60 пайыз. Өсім қарқыны мынандай: 2004 жылдың 1 желтоқсанында қалада 3 мың оң жақ рульді автомашина болса, 2005 жылдың 1 желтоқсанында бұл сан 37 мыңға артты, ал 2006 жылдың 1 қазанында олардың саны 63 мыңды құрады»,- деді әкім.

Демек, оның атап көрсеткен статистикалық мәліметі бойынша, «ағымдағы жылдың 10 айында қаламызда оң жақ рульді автомобильдер себепкер болған 2200 жол апаты болды. Бұл апаттарда 45 адам қаза болып, 270 адам түрлі ауыртпалықтағы жарақаттар алды».

«Осыдан келіп, оң жақ рульді машиналардың қаншалықты қауіпсіз екендігін анықтауға болады. Сондықтан, орта таптың экономикалық жетістігі мен ЖКА мүмкін болған зардаптар арасындағы таңдау денсаулық пен қауіпсіздік жағына қарай шешіледі деп мен есептеймін»,- деп атап көрсетті И.Тасмағамбетов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта