Қазақстанда автокөлікті ұрлау 20 пайызға көбейген- ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда автокөлікті ұрлау 20 пайызға көбейген- ІІМ

Қазақстанда автокөлікті ұрлау 20 пайызға көбейген- ІІМ

АСТАНА. 21 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстанда биыл қаңтар мен қараша айлары аралығында автокөліктерді ұрлауға байланысты 1997 іс тіркелген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 19,3 %-ға көп,-деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов кеше баспасөз мәслихатында.

  • 21 Қараша 2006
  • 664
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, тексеру жұмыстары нәтижесінде автомашиналар көп жағдайда иелерінің көліктерін қараусыз қалдыруына байланысты ұрланатындығы байқалған. Сондықтан көшелер мен аулаларда қалдырылған көліктердің 70 пайызы қолды болып кетеді.

Қожахметовтың айтуынша, көліктердің ұрлануына тағы бір себеп- бұл электронды қорғаныс қондырғыларының қымбаттығында. Ал көлік жүргізушілер көп жағдайда арзанқол, сапасы төмен қорғаныс қондырғыларын қолданады. Қолда бар мәліметтер бойынша, ұры-қарыға жем болған автокөліктердің 90%- дан астамында тіпті мұндай қондырғы да болмаған.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, ұрланған машиналардың басым бөлігі ресейлік машиналар. «ВАЗ-дың» түрлі модельдері ұрланған автокөліктердің 45%, 9-10 % «Ауди» , ал үшінші орында Мерседес ол 7-9%-ды құрайды, «Фольксваген» мен «Мазда» 5-7%, одан кейін джиптердің әр түрі, бұл 3-5 % құрайды.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінше, осы жылдың 9 айында ұрланған көліктерге байланысты істердің 76,4 %, ал көліктерді тонауға қатысты істердің 43,6 пайызы ашылған. Дегенмен биыл көлік тонау айтарлықтай азайған көрінеді. 9 ай ішінде тонауға қатысты 375 оқиға тіркелген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта