Қоғамдық қауіпсіздік туралы заң омбудсменнің ұсыныстарын ескере отырып түзетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамдық қауіпсіздік туралы заң омбудсменнің ұсыныстарын ескере отырып түзетілді

Қоғамдық қауіпсіздік туралы заң омбудсменнің ұсыныстарын ескере отырып түзетілді

АСТАНА. 21 қараша. Kazakhstan Today. "Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі " заң жоба Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі уәкіл Болат Байқадамовтың ұсыныстары бойынша түзетілді.Бұл жөнінде Kazakhstan Todaу агенттігінің тілшісіне заң жобасы бойынша жұмысшы топтың жетекшісі мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеев хабарлады.

  • 21 Қараша 2006
  • 779
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, санкциясыз өткізілген митингілер кезінде құқық қорғау органдарына күш және арнайы құралдар қолдануға рұқсат беретін «Ішкі істер жөніндегі» заңға түзетулер енгізілді.

Айта кетейік, үкіметтің ұсынған заң жобаның алғашқы редакциясында, егер жиналысты, шеруді, митингіні ұйымдастыруышлар мен оған қатысушылар өткізу тәртібін бұзатын болса немесе жергілікті атқарушы органдардың заңға сәйкес талаптарына қайшы әрекет жасайтын болса шараны тоқтату үшін арнайы құралдарды қолдануға рұқсат беру көзделген болатын.

Мұндай ереже бірқатар саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың наразылығын туғызды. Осыған байланысты жұмысшы топ ЕҚЫҰ және адам құқығы жөніндегі уәкілге заң жобаның келісілмеген тұстарына қорытынды шығаруды сұраған болатын.

М.Тінеккевтың айтуынша, жаңа жаң жобаның жаңа мәтінінде арнайы заттарды қолдану » митинг, шеру, пикет барысында қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін, халықтың денсаулығына зиян келтіретін жеке тұлғаның заң бұзушылығын тоқтату» мақсатында қолдануға рұқсат берілген, сонымен қатар «мемлекеттік орган өкілдерінің заң бұзушылықты тоқтату туралы талабына көнбеген жағдайда».

М.Тінеккев, енгізілетін түзетулерді омбудсмен қолдады, дейді. Ал, жұмысшы топтың заң жобасына қатысты ЕҚЫҰ қорытындысы шыққан жоқ.

Осыған дейін хабарланғандай, заң жобасы митинг, шеру, пикетті және басқада қоғамдық шараларды ұйымдастырушылар мен оған қатысушылардың заңды белден басқандары үшін жаупкершілікті күшейтуді көздейді. Заң жобада әкімшілік құқық бұзушылық тізімі көрсетілген. Егер заң бұзылса әкімшілік тұтқындау жүзеге асырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта