Екі қабатты үй 22-қарашада кешкі сағат 8-де өртенген. Үй тұрғындарының айтуынша, өрт бір пәтерден шыққан. Өрт салдарынан бір жас әйел мен 9 жастағы қыз күйікпен ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге тәртіп сақшыларының тексеруі нәтижесінде осы үйде тұратын 50 жастағы ер адам мен 6 жасар қыздың хабар-ошарсыз кеткені анықталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, із-түзсіз жоғалып кеткендердің тізімі әлі де нақтыланып жатыр. Өрттің себебі анықталу үстінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті