Қазақстан мен Еуропалық Одақ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Еуропалық Одақ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Қазақстан мен Еуропалық Одақ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

АСТАНА. 27-қараша. Kazakhstan Today. 28-29 қарашада Астанада "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" сауда, инвестициялар, энергетика және көлік жөніндегі кіші комитетінің кезекті 8-ші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Қараша 2006
  • 419
Фото - Caravan.kz

Е.Ашықбаевтың айтуынша, шараға ҚР Бас прокурорының орынбасары М.Ваисовтың басшылығындағы мүдделі мемлекеттік органдардан құралған делегация, Еуропалық Комиссия Хатшылығы, Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы Өкілдігі және Қазақстанда аккредитацияланған Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері қатысады.

Отырыс күн тәртібі сауда, инвестиция, энергетикалық ықпалдастық және көлік саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың көкейтесті мәселелерін қамтиды.

Ал 1 желтоқсанда Астанада «Қазақстан Республикасы — Еуропалық Одақ» Сот әділдігі және құқықтық тәртіп жөніндегі кіші комитеттің 5-ші отырысы өтеді. Оның жұмысына ҚР индустрия және сауда вице-министрі А.Баталовтың басшылығындағы мүдделі мемлекеттік органдардан құралған делегация, Еуропалық Комиссия Хатшылығы, Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы Өкілдігі және Қазақстанда аккредитацияланған Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері қатысады.

Отырыс күн тәртібімен көші-қон және шекараларды қорғау, терроризм және есірткі тасымалдауға қарсы күрес, сот билігі мен заң үстемдігін нығайту мәселелері талқыланбақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта