Алматы полициясы елімізге заңсыз келген Пәкістаннің үш азаматын ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы елімізге заңсыз келген  Пәкістаннің үш азаматын ұстады

Алматы полициясы елімізге заңсыз келген Пәкістаннің үш азаматын ұстады

АЛМАТЫ. 28-қараша. Kazakhstan Today. Алматы қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері Еуропа елдеріне өту мақсатында Казақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен Пәкістан елінің үш азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2006
  • 453
Фото - Caravan.kz

Шетел азаматтары Медеу ауданында ұсталды. Тексеру барысында, Қазақстан аумағына олардың визасыз енгені анықталды. Пәкістан азаматтары Алматыда тұратын Қырғызстан тумасының жеке меншік көлігімен келеді. Шетелдіктердің көздеген басты мақсаты — Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне өтіп кету болған.

Қазіргі таңда оларға қатысты құжаттар жиналып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 330-бабына сәйкес («Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту») екі қылмыстық із қозғалды. Ал заң бұзушыларды шекара арқылы өткізген Алматының тұрғыны ҚР ҚК 330-бабы, 2-тармағымен көзделген «заңсыз коші-қонды ұйымдастыру» қылмысы үшін жауап беретін болады.

Жалпы алғанда соңғы апта ішінде көші-қон басқармасының қызметкерлері 126 заң бұзушылықты анықтады, оның 33-ін — алыс шетел азаматтары жасаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта