Президент Брюссельде Еуропалық комиссия төрағасымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Брюссельде Еуропалық комиссия төрағасымен кездесті

Президент Брюссельде Еуропалық комиссия төрағасымен кездесті

АСТАНА. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Еуропалық комиссияның бас пәтерінде болып, Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Желтоқсан 2006
  • 422
Фото - Caravan.kz

Кездесу кезінде Қазақстан мен ЕК арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан президенті мен Еурокомиссия төрағасының қатысуымен энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ бірлескен мәлімдеме қабылданды.

— Біз ашық әңгімелестік, Қазақстан Республикасы мен ЕК арасындағы қарым-қатынастарға қатысты аса маңызды мәселелерді талқыладық және де осы бағытта одан әрі қадам баса беруге ниет білдірдік. Мен осы елдің экономикада, тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстарына ризашылығымды білдірдім. Біз сондай-ақ Қазақстан мен ЕК арасындағы саяси үнқатысуды жалғастырудың маңызын атап өттік және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау білдірдік. Мен осы бір маңызды елмен танысу сәтін тағатсыздана күтемін, — деді Еурокомиссия төрағасы журналистерге арналған брифингте.

— Біз осы келіссөздер мен сапарды, тұтастай алғанда, Еуроодақпен арадағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды кезең ретінде қарастырамыз. Ортақ құндылықтар, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары серпіні, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдар біздің әріптестігіміздің негізі болып табылады. Алайда, біз стратегиялық әріптестікті тек энергетика саласында ғана дамытуды көздеп отырған жоқпыз. Біз ЕО-ның Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыруға және экономиканы әртараптандыруға қатысуы мәселелерін талқыладық. Сондай-ақ біздер 2007 жылы қабылдануы жоспарланып отырған ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі жаңа стратегиясын және Қазақстанның бұл құжатты әзірлеуге қосқан үлесін талқыладық. Біз келіссөздер жемісті болды деп есептейміз және оның нәтижелері өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға игілікті ықпал етеді деген үміттеміз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта