Үкімет ғылыми орталықтарға жер телімдерін қайтарымсыз берудің ережесін бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет ғылыми орталықтарға жер телімдерін қайтарымсыз берудің ережесін бекітті

Үкімет ғылыми орталықтарға жер телімдерін қайтарымсыз берудің ережесін бекітті

АСТАНА. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен жер телімдері меншікке қайтарымсыз берілетін халықаралық қаржының қатысуымен құрылған ғылыми орталықтарды анықтаудың ережесі бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Желтоқсан 2006
  • 482
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, жер телімдері экономиканың тиісті салаларында бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға, келешегі бар кластерлердегі экономика салалары мен өндірістердің сұраныстарына сәйкес мамандардың біліктілігін көтерудің тиімді жүйесін жасауға бағытталған жаңа технологияларды игеруге қолдау көрсету мақсатында беріледі.

Қаулыда сондай-ақ, жер телімін алуға құқық беретін қағидалар мен ғылыми орталықтарды анықтаудың реті бекітілген.

Ережеге сәйкес, халықаралық қатысудағы ғылыми орталықтарды анықтау құқығына ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке басшылық жасауға уәкілетті орган ие. Орталықты одан да объективті және құзырлы анықтау үшін уәкілетті орган жанынан арнайы комиссия құрылады. Ал комиссияның құрамы оның басшысының бұйрығымен бекітіледі. Уәкілетті органның шешімі негізінде жер телімін беру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта