Семейде ғасырлық тарихы бар Казачка күні мерекесі қайта жанданды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде ғасырлық  тарихы бар  Казачка күні мерекесі қайта жанданды

Семейде ғасырлық тарихы бар Казачка күні мерекесі қайта жанданды

СЕМЕЙ. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today. Семейде ғасырлық тарихы бар Казачка күні мерекесі қайта жанданды. Бұл жөнінде журналистерге полковник Наумов атындағы Жетісу казак әскерлері 6-бөлімінің атаманы Владимир Сериков хабарлады.

  • 5 Желтоқсан 2006
  • 458
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Казачка күнін атап өту XVI ғасырдың 70 жылдарынан бастау алады. «Нақ сол кездері , казактар түріктермен соғысып жатқан кезде, олардың жұбайлары Наурск станицасын черкестер мен түріктерден ерлікпен қорғап қалды. Көп ұзамай Кубань әскерінің казачкалары Мариинск станицасында дәл осындай ерлік жасады», дейді В.Сериков.

Казачка күніне орай кеше Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясының ғимаратында салтанатты жиналыс өтті. Оны ұйымдастырған Семейдегі Жетісу казактарының одағы. «Одақтың басты міндеті казактардың көне дәстүрлерін қайта жандандырып, қазіргі өмірде қолданысқа енгізу. Біз осы күнгежете алмай арманда кеткен ата бабаларымыздың әруақтарына арнап казактардың сөйлеу мәнері мен мәдениетін , әндерін дәріптеуге тырысамыз, бұл — бүгінгі күннің казактар қауымдастығының басты мақсаты»,-деді В.Сериков.

Оның айтуынша, қайта жандандыру шараларына әйелдер де атсалысуда. Осыдан бір жарым ай бұрын Семейде казактардың әйел кеңесі ашылды. «Осы уақыт аралығында оның құрамына жиырмаға жуық казачка кірді»,-деп атап өтті В.Сериков.

В.Сериков Казачка күні казактардың жұбайларының шыдамдылығын ынталандырып, құрметтеуге шақырады. Кеше салтанатты түрде Семей өңірінің он үздік казачкасына Жетісу казактары одағы атынан марапаттау қағазы тапсырылды. «Бұл мерекені біз көп жылдан кейін тұңғыш рет атап өтіп отырмыз, бұл казактардың дәстүрін қайта жандандыруға мұрындық болады»,-деді В.Сериков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта