Жоғарғы сот Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты істі қарауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы сот Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты істі қарауға кірісті

Жоғарғы сот Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты істі қарауға кірісті

АСТАНА. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today. Астанада судья Әбдірашит Жүкеновтың төрағалық етуімен Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының отырысы басталды. Онда саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілерін өлтіруге қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіппен қаралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 5 Желтоқсан 2006
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А. Сәрсенбаев пен оның серіктестері — оққағары Бауыржан Байбосын мен жүргізушісі Василий Журавлевтің тапанша оғынан жараланған денелері 13 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданы Көктөбе және «12 бригада» ауылдары арасындағы ауыларалық тас жолдың бойынан табылған болатын. Саясаткерді ұрлап әкету және өлтіру ісі бойынша он адам, оның ішінде «Арыстан» арнайы қызметінің алты қызметкері күдікті ретінде ұсталған.

Жоғарғы соттың қаулысымен Алтынбек Сәрсенбаев, Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынды өлтіруге қатысты қылмыстық істі Талдықорғандағы Алматы облыстық соты қарады. Сот мәжілістері 14-маусымда басталып, 31-тамызда аяқталды.

Атап айтқанда, сот үкіміне сәйкес, сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев А.Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс беруші деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айрылса, сот қылмысты тікелей ұйымдастырушы әрі атқарушы деп таныған Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілді, мүлкі тәркіленетін болды. Сондай-ақ, адам ұрлап өлтірген деген айып тағылған Виталий Мирошников та 20 жылға бас бостандығынан айрылып, мүліктері тәркіленетін болды.

Қылмысқа қатысқан басқа жеті адамды сот 3-тен 14-жылға дейін бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта