Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болу жөніндегі өтінішін қарау мерзімі сыртқы істер министрлері кеңесінің 2007-жылғы 15-ші отырысына дейін кейінге қалдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болу жөніндегі өтінішін қарау мерзімі сыртқы істер министрлері кеңесінің 2007-жылғы 15-ші отырысына дейін кейінге қалдырылды

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болу жөніндегі өтінішін қарау мерзімі сыртқы істер министрлері кеңесінің 2007-жылғы 15-ші отырысына дейін кейінге қалдырылды

БРЮССЕЛЬ. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болу жөніндегі өтінішін қарау мерзімі сыртқы істер министрлері кеңесінің 2007-жылы Мадридте өтетін 15-ші отырысына дейін кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 5 Желтоқсан 2006
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Пікірталастар күні бойы жалғасты. Бірақ соған қарамастан біз Қазақстан тиісті деңгейге көтерілгенге дейін күте тұрғанымыз қажет деп санаймыз»,- деп мәлімдеді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 14-отырысы аясында Брюссельде өткен брифингте ұйымның қазіргі төрағасы Карл де Гюхт.

«Қазақстан 2011-жылы ұйымға төраға болумен мүлдем келіспейтіндігі бізге мәлім. Сол себепті біз балама шешімді ұсынбақпыз»,- деді К.де Гюхт. Оның айтуынша, ондай шешім — республиканы «бағалау» мерзімін 2007-жылға дейін шегере тұруға саяды. Ал аталған жылы Мадридте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-отырысы өтетіні белгілі. «Елде жүзеге асырылған реформаларға сол кезде саяси баға беруге болады деп ойлаймыз»,- деді ұйым басшысы.

«Осы жолы Брюссельде Қазақстанға қатысты бір жақты пікірге келе алмадық. Біз күте тұрып шешім қабылдауға тиіспіз»,- деп қорытты К.де Гюхт.

Еске сала кетейік, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төраға болуға нет білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта