Таразда табиғи газға шектеу қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда табиғи газға шектеу қойылды

Таразда табиғи газға шектеу қойылды

ТАРАЗ. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today. Таразда дүйсенбі күннен бастап тұтынушыларды -мекемелерді де, халықты да табиғи газбен қамтамасыз етуге шектеу қойылды, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімшілігі.

  • 5 Желтоқсан 2006
  • 547
Фото - Caravan.kz

Жергілікті билік шектеу туралы қараша айының басында ескерту жасаған. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша жасалған хабарламада , «барлық табиғи газ тұтынушылары басқа отын түрін дайындауы қажет, керек болған кезде оны қосымша энергия көзі ретінде оны іске қосқан жөн», делінген.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мен Тараздың газ шаруашылығы басқармасы бұл шараны Өзбекстаннан әкелінетін көгілдір отынның шектелгенімен түсіндіреді.

«Тараз газ шаруашылығы басқармасы»ЖШС директоры Болат Мұртазаев Жамбыл облысының тұтынушыларына тасымалданатын газ көлемі туралы сауалға жауап беруден бас тартты, ал шектеуді «ҚазТрансГаз»АҚ енгізіп отырғанын айтты.

«ҚазТрансГаз» АҚ Тараз қаласының желілік өндірістік магистралды газ құбыры басқармасының орынбасары Сергей Железнев өзбек газының көлемі туралы сауалды кеңсесі Алматыда орналасқан «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ына сілтеді.

С.Железновтың айтуынша Амангелді газ кен орнынан жамбылдық тұтынушыларға тасымалданатын көгілдір отынның көлемі қазіргі сәтте 762 мың текше метрді құрайды, немесе сағатына 31,5 мың текше метр. Өткен аптада тәулігіне 800 мың текше метрді құраған болатын.

Облыстық газ шаруашылығындағы ақпарат көзінің мәліметінше, мұндай шектеулер оңтүстікте газды тұтыну көлемі тасымалданып жатқан көлемнен әлдеқайда жоғары болғандықтан енгізілуде. Ақпарат көзінің пайымдауынша, «Оңтүстік астана газсыз қалмауы үшін, көгілдір отынға шектеу қойып отыр».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта