Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша зардап шеккендердің адвокаттары Өтембаевтың қателігін мойындап жазған хатына қолтаңбалық сараптама жүргізу туралы өтініш түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша  зардап шеккендердің адвокаттары Өтембаевтың қателігін мойындап жазған хатына қолтаңбалық сараптама жүргізу туралы өтініш түсірді

Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша зардап шеккендердің адвокаттары Өтембаевтың қателігін мойындап жазған хатына қолтаңбалық сараптама жүргізу туралы өтініш түсірді

АСТАНА. 5 декабря. Kazakhstan Today. Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты істе зардап шеккендердің адвокаттары Ержан Өтембаевтың Елбасының атына қателігін мойындап жазған хатына қолтаңбалық сараптама жүргізу туралы өтініш түсірді , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 5 Желтоқсан 2006
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Осы іс бойынша өткен сот отырысында (облыстық сотта ) Өтембаевтың 23 ақпанда Қазақстан президентіне жолдаған хаты жария етілген. Онда ол Сәрсенбаевты ұрлауға және өлтіруге қатысы барын мойындайды»,-деді бүгін Жоғары соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа отырысында жапа шеккен жақтың адвокаты Әнуар Қалиев.

«Одан кейін Өтембаев сырқатына байланысты өзіне жалған жала жапқанын айтады. Алайда, өзіне жалған жала жабу жайы да , президентке жолданған хаттың жазылу себептері мен мәтінін сот зерттеген жоқ»,-деп атап өтті қорғаушы.

«Ал хаттың лексикалық, мағыналық құрылымы және хаттың орфографиясы оны Өтембаевтың өзі жазғанына күдік тудырады»,-дейді қорғаушы.

«Оған қоса, Өтембаев сырқаттанып , қан қысымы көтерілгенде жігерсіздік танытып , себепсіз қорқыныш сезімде болатыны туралы хат жүзінде түсініктеме берген. Яғни, Өтембаев өзінің науқастанған сәтін біреудің пайланып кеткенін түсіндіруге тырысты немесе соған талпыныс жасады»,-деді Ә.Қалиев.

Қорғаушының айтуынша, «Өтембаевтың жазған түсініктемесінде , өзіне жалған кінә таққаннан кейін, бейнежазу түрінде түсінік беруге ұсыныс жасалған. Яғни , психологиялық қысым болған».

«Жоғарыда айтылған бойынша Өтембаевтың президенттің атына жолдаған хатына байланысты шындықты анықтау үшін қолтаңбалық сараптама жүргізіп, хаттың Өтембаевқа тиесілі немесе қатысы жоқтығын анықтауды сұраймын»,-деді адвокат.

Сотталғандар тарапы бұл өтінішті қолдады, алайда прокуратура оны кері қайтарды. Сот бұл мәселе бойынша шешім шығарған жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта