Мәскеуде Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының таныстыру салтанаты өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Алматыдағы  аймақтық қаржы орталығының таныстыру салтанаты өтті

Мәскеуде Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының таныстыру салтанаты өтті

МӘСКЕУ. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today Мәскеуде "Алматыдағы аймақтық қаржы орталығы: кәсіби қатысушылар мен эмитенттердің мүмкіндіктері" атты конференция болып өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2006
  • 495
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, шараны ҚР Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік Ресейдің «Ренесанс Капитал» инвестициалық тобы және Ресейдегі Қазақстан елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция жұмысына Ресей Федерациясындағы ҚР елшісі Жансейіт Түймебаев, ҚР қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік төрағасы Еркін Арыстанов, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу жөніндегі агенттік төрғасының орынбасары Елена Бахмутова, сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің белгілі қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Орталық мамандары ресейлік инвестициялық банктер қоғамдастығына Алматы аймақтық қаржы орталығының бәскелестік мүмкіндіктерімен таныстырды. Орталық еркін экономикалық аймақ тәртібімен жұмыс ететін қор ретінде таныстырылды. Алайда ол аумақтық жағынан шектелмеген. Қаржылық орталық өз қатысушыларына салық және тіркеу жағынан жеңілдіктер көрсетеді. Сонымен қатар, батыстағы алаңдарға қарағанда бұл нарыққа ТМД мен өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдардың шығуы әлдеқайда жеңілдетілген.

Конференцияда Ж. Түймебаев: «кейінгі кездері Қазақстан мен Ресей арасында орнаған тығыз қарым-қатынас қазақстандық жас қаржы институтына әлемдік қаржы нарығына интеграциялануға мүмкіндік береді», деп атап өтті.

Өз кезегінде Е.Арыстанов: «Алматыда аймақтық қаржы орталығының ашылуы -ТМД мен алыс шетелдерінің қор биржалары ықпалдастық жасайтын арнайы сауда алаңы ашылғанын көрсетеді», деді. Сонымен қатар, ол Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының алғашқы сатылымдары арнайы сауда алаңында 2006 жылдың желтоқсан айында өткізу жоспарланған деп хабарлады. Оған қатысушылар үшін кедендік жеңілдіктер тәртібі жүзеге асатынан және бағалы қағаздар саудасы тұрақты жүргізілетінін айтып өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта