Көлік және коммуникация министрінің болжамынша Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы 2010 жылға таман 1 трлн долларға жетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік және коммуникация министрінің болжамынша Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы 2010 жылға таман 1 трлн долларға жетпек

Көлік және коммуникация министрінің болжамынша Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы 2010 жылға таман 1 трлн долларға жетпек

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today. Көлік және коммуникация министрінің болжамынша Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы 2010 жылға таман 1 трлн долларға жетпек. Мұндай болжамды Халықаралық аймақтық "1520 стратегиялық әріптестікті дамыту туралы" бизнес-форум барысында ҚР көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлім етті деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 6 Желтоқсан 2006
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы 700 млрд доллардан астам. Оның жартысына жуыға Қытайдың үлесіне келеді. Бұл көрсеткіш 2010 жылға таман 1 трлн долларға жетуі мүмкін»,-деді С.Ахметов.

Сонымен қатар, көлік және коммуникация министрі Қазақстанда экспорттық әлеуетті дамыту қажеттігіне тоқталды. » Мемлекеттердің міндеті — экспорттық әлеуетті дамытуға мүмкіндік ашу. Сонымен қатар, тасымал мүмкіндіктерін дамыта отырып жүзеге асыру арқылы, мемлекеттің географиялық жағдайларын оның бәсекелестік қабілетіне айналдыру қажет»,-деді С.Ахметов.

«Орталық Азия елдерінің көлік жүйелерін кеңейту мен транзиттік жүк тасымалын дамытуға тек көлік инфрақұрылымдарын озық үлгідегі техникалармен жарақтау арқылы ғана қол жетеді» ,-деп сөзін қорытындылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта