Қазақстан мен Ресейдің сақтандырушылары жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресейдің сақтандырушылары жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресейдің сақтандырушылары жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру мәселелерін талқылады

АЛМАТЫ.6 желтоқсан. Kazakhstan Today. Кеше өткен "дөңгелек үстел" барысында Қазақстан мен Ресейдің сақтандырушылары жұмыс барысында қызметкердің өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіруіне байланысты жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі хабарлайды.

  • 6 Желтоқсан 2006
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Мұнай сақтандыру компаниясы»АҚ басқармалары төрағасының орынбасары Ғалым Әмірходжаевтың айтуынша, «Жұмыс барысында жұмысшының өмірі мен денсаулығына нұқсан келгендігі үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңы отандық сақтандырушыларға бірқатар қиындықтар туғызады.

Атап айтқанда «мүгедектердің категориясы және жалпы өлім туралы ортақ таблица» жасау қажеттілігі бар. ҚР жалпы өлім-жітім туралы ортақ таблицаның болмауынан , әр компания сақтандыру барысында өз таблицасын қолдануға мәжбүр»,-дейді ол. Сондықтан да төлемдердің көлемі әрқалай болып жатады. «Бірдей екі аннуитеттік сақтандыру компанияларының бірдей сақтандвру жағдайларындағы есептерінде алшақтық бірнеше миллион теңгеге дейін барып жататыны осыдан»,-деп атап көрсетті ол.

Бүкілресейлік сақтандырушылар одағының президенті Александр Ковальдың айтуынша, «мүгедектік категориясын алуға тырысатын азаматтар санының шарықтап өсуі» ресейлік сақтандырушыларға кездесетін басты тауқыметтердің бірі. «Бізде мүгедектікке берілетін төлемдер жалақыдан орташа есептегенде үш, төрт, бес, он есе артық болуы кездеседі». «Бұл мәселелер біздің заңдарымыздағы кемшіліктердің кесірі. Сондықтан мемлекет әлеуметтік сақтандырумен айналысуға коммерциалық сақтандырушыларға мүмкіндік берулері қажет».

«Дөңгелек үстелге»қатысушылар сақтандыру нарығының көкейкесті мәселелерін кезекті талқылау үшін алдағы келесі жылы мамыр айында кездесетін болып шешті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта