«Келісімнің мақсаты — Алматыдағы хореграфиялық училищенің білім беру кешенін материалдық- техникалық тұрғыда жабдықтау болып табылады»,- деді заң жобасын таныстырған еліміздің білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова.
«Жобаны жүзеге асыру — еңбек нарығында сұранысқа ие орта кәсіби білімі бар хореграфиялық өнер саласы мамандарын дайындауды жетілдіре түсуге септігін тигізеді»,- деді министр.
Қазақстан үкіметі мен Жапония үкіметі арасындағы келісімге 2006-жылдың 14-наурызында Астанада қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті