Қазақстанда өткен аптада азық-түліктік бидайдың бағасы қымбаттады, ал наубайханалардың рентабельділігі төмендей түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өткен аптада азық-түліктік бидайдың бағасы қымбаттады, ал наубайханалардың рентабельділігі төмендей түсуде

Қазақстанда өткен аптада азық-түліктік бидайдың бағасы қымбаттады, ал наубайханалардың рентабельділігі төмендей түсуде

АЛМАТЫ. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанда өткен аптада азық-түліктік бидайдың бағасы қымбаттау ағымы беки түсіп, желімтік деңгейі жоғары бидайдың тапшылығы түзілді, ал наубайханалардың рентабельділігі төмендей түсуде. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР астық өңдеушілері мен наубайшылары одағынан хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2006
  • 389
Фото - Caravan.kz

Кейбір өңірлерде кәсіпорандар арзандау бағаға бидай сатып алуға мүмкіндік алғанымен, жалпы алғанда бидай құны, соның ішінде 4-класты бидайдың бағасы қымбаттай түсуде. Егер бұрын оның бағасы орта есеппен 14 мың теңге болса, қазір ол 15 мың теңгеге дейін көтерілді. 3-класқа жатын желімтік қасиетке ие бидай мен 4-класқа жататын бидайдың бағалары арасындағы айырмашылық өткен аптада 8 долларды құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта