Орталық Азия аймағының өкілдері Алматыда кеден органдарындағы жемқорлықпен күрес мәселесін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия аймағының өкілдері  Алматыда  кеден органдарындағы жемқорлықпен күрес мәселесін талқылайды

Орталық Азия аймағының өкілдері Алматыда кеден органдарындағы жемқорлықпен күрес мәселесін талқылайды

АСТАНА. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today. 2007 жылы 17-19 қаңтар аралығында Алматыда "Кеден органдарындағы жемқорлықпен күрес жұмыстарын жақсартудың стартегиялық әдістемелері" тақырыбында Орталық азиялық аймақтық конференция өтеді. Мұндай шешім осы күндері Ченнай(Үндістан) қаласында өтіп жатқан Дүниежүзі кеден ұйымының саяси комиссиясының (ӘКҰ) 56-шы сессиясында қабылданды.

  • 7 Желтоқсан 2006
  • 530
Фото - Caravan.kz



Форум жұмысына Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Мишель Дане және он елдің кеден әкімшілігінің жетекшілері қатысады.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, саяси комиссия Дүниежүзілік кеден ұйымының негізгі органы, ол аталған ұйымға мүше мемлекеттердің даму бағдарламаларын жасап, үйлестіріп отырады. Оның құрамында 23 ел бар. Қазақстан саяси комиссия құрамына 2005 жылы кірді, ол ТМД және Балтық елдерінің кеден қызметтерінің мүддесін қорғайды.

Ченнайдағы сессия барысында халықаралық кедендік ынтымақтастықтың басты мәселелері талқыланды, атап айтқанда кедендердің институттық дамуы , сауда барысындағы ықпалдастық, контрафактылы және қарақшылық өніммен күрес, кеден саласындағы жемқорлық деңгейін төмендету, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Перейти к новостям спорта