Бүгінгі таңда бірқатар сауда орындары, оның ішінде Орталық әмбебап базары тексерілді. «Пиротехникалық заттар сататындардың ешқайсысында лицензия жоқ, петард және «отшашу» сатуға рұқсат қағаздары болмай шықты, ал кейбірінде таур ескірген боп шықты»,-дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Мәселен, тексеру барысында үш контейнердің қожайындары полиция қызметкерлерін көрген бетте тауарларын сөрелерінде тастап, өздері қашып кетті. «Процессуалды шаралар қолданылғанша сауда орындары жабылды»,- дейді полиция қызметкерлері.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Алматыда пиротехника сатумен айналысатын жүзден астам сауда орны бар. «Олардың бәрі тексеріледі»,-деп атап өтті ІІД. Рейд айдың соңына дейін жалғасады.
ІІД өкілдерінің айтынша, өткен жаңа жылдық мерекеде қолдан жасалған пиротехникалық заттардан 22 адам зардап шеккен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті