Оның айтуынша, жергілікті кәсіпкерлердің бірі қажылыққа баратын жеті адамның жол қаражатын өз мойнына алуға ниет білдірді . «Мұндай игі іс -Семей өңірінде ғана емес, бүкіл Қазақстанда алғаш рет жасалуда»,-дейді Т.Яхияұлы.
Имамның сөзіне қарағанда кәсіпкер мұндай қайырымдылық көмекті жыл сайын көрсетуге дайын. «Кәсіпкер жеті адамның қажылық сапарының жол ақысын жыл сайын өз мойнына алуға дайын. Біз осындай мүмкіндікті тұрмысы төмен, бірақ исламның барлық шарттарын бұлжытпай орындап жүрген шынайы мұсылман жандардың пайдаланып қалуына жағдай жасаймыз. Біз оларды жалпы жиналыста іріктейтін боламыз»,-деді имам. Биыл Меккеге бару бір адамға 2,5мың $ тұрады.
Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Меккеге 21 жастан 60 жас аралығындағы 42 адам қажылық сапарға аттанады, дейді Т.Яхияұлы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті