Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Қарағандының Октябрь ауданында Майқұдық ықшам ауданында «ҚазМұнайГаз» Жанармай тарату бекетінің жанында болған. «Мицубиси» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-2121» автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан «Мицубиси» жүргізушісі оқиға орнында жарақаттан жан тапсырып, «Жигули» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сондай-ақ, «Мицубиси» көлігінде отырған бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.