Жоғарғы сот Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс бойынша шешімді жұмада жария етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы сот Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс  бойынша шешімді жұмада жария етеді

Жоғарғы сот Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс бойынша шешімді жұмада жария етеді

АСТАНА. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today. Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілерін өлтіруге қатысты іс бойынша шешімін 8-желтоқсан, жұмада жария етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2006
  • 513
Фото - Caravan.kz

«Жоғарғы соттың алқасы шешім шығару үшін кеңес бөлмесіне кетті»,- деді алқа төрағасы Әбдірашит Жүкенов. «Шешім ертең, 8-жұмада жария етіледі деп күтілуде»,- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А. Сәрсенбаев пен оның серіктестері — оққағары Бауыржан Байбосын мен жүргізушісі Василий Журавлевтің тапанша оғынан жараланған денелері 13 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданы Көктөбе және «12 бригада» ауылдары арасындағы ауыларалық тас жолдың бойынан табылған болатын. Саясаткерді ұрлап әкету және өлтіру ісі бойынша он адам, оның ішінде «Арыстан» арнайы қызметінің алты қызметкері күдікті ретінде ұсталған.

Жоғарғы соттың қаулысымен Алтынбек Сәрсенбаев, Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынды өлтіруге қатысты қылмыстық істі Талдықорғандағы Алматы облыстық соты қарады. Сот мәжілістері 14-маусымда басталып, 31-тамызда аяқталды.

Атап айтқанда, сот үкіміне сәйкес, сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев А.Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс беруші деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айрылса, сот қылмысты тікелей ұйымдастырушы әрі атқарушы деп таныған Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілді, мүлкі тәркіленетін болды. Сондай-ақ, адам ұрлап өлтірген деген айып тағылған Виталий Мирошников та 20 жылға бас бостандығынан айрылып, мүліктері тәркіленетін болды.

Қылмысқа қатысқан басқа жеті адамды сот 3-тен 14-жылға дейін бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарды.

Қылмыстық іс бойынша жапа шеккен және айыпталған екі жақ бірдей Жоғарғы сотқа жүгінген. Жоғарғы сотта іс апелляциялық тәртіппен 5-желтоқсанда қарала бастады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта