Қырғызстан СІМ ганси әуе базасындағы оқиғаға байланысты АҚШ елшісіне нота жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан СІМ ганси әуе базасындағы оқиғаға байланысты АҚШ елшісіне нота жолдады

Қырғызстан СІМ ганси әуе базасындағы оқиғаға байланысты АҚШ елшісіне нота жолдады

БІШКЕК. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қырғызстан СІМ АҚШ елшісі Мари Йовановичке АҚШ әуе базасында Қырғызстан азаматының қаза табуына байланысты нота табыс етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі СІМ-нің ақпарат бөліміне сілтеме жасап.

  • 7 Желтоқсан 2006
  • 391
Фото - Caravan.kz

«АҚШ елшісіне табыс етілген нотада Қырғызстан жағының болған оқиғаға қатысты алаңдаушылығы айтылып, АҚШ жағы тарапынан Манас әуежайында болған оқиғаға қатысты тез арада түсініктеме беру қажеттігі атап көрсетілген»,- деп хабарлайды СІМ.

АҚШ әуе базасы басшылығының айтуынша, АҚШ әскері аэродромға қызмет көрсетуші жүргізуші тарапынан қатер төнуге байланысты оған қаратып екі оқ атқан. «АҚШ Әскери әуе күштерінің жауынгері Манас әуежайындағы тексеру-өткізу бекетіне кіре берісте қатер төнуге байланысты жауап ретінде күш қолданған, оның арты өлімге апарып соқты»,- делінген таратылған баспасөз баянында. «Оқ тиген азамат оқиға орнында Әскери әуе күштерінің медиктерінен және Манас әуежайындағы шұғыл медициналық көмек көрсету кабинетіне жеткізер жолда алғашқы жәрдем алған, бірақ, ол жерде жүргізуші қайтыс болды»,- деп хабарлайды әуе базасының қолбасшылығы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6-желтоқсанда жергілікті уақытпен 15 сағат шамасында АҚШ әуе базасының әскері «Эйркрафт Петролеум» компаниясының жанармай тасушы көлігінің 42 жастағы жүргізушісін атып өлтірді.

Ганси әуе базасы Бішкектен 30 шақырым жердегі халықаралық Манас әуежайының аумағында орналасқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта