"Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағы өндіріс нысандарының құрылысы 2007 жылдың шілде айында басталады, 2008 жылы алғашқы өнім аламыз үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағы  өндіріс нысандарының құрылысы 2007 жылдың шілде айында басталады, 2008 жылы алғашқы өнім аламыз үкімет басшысы

"Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағы өндіріс нысандарының құрылысы 2007 жылдың шілде айында басталады, 2008 жылы алғашқы өнім аламыз үкімет басшысы

ШЫМКЕНТ. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today. "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағының алғашқы өндіріс нысандарының құрылысы 2007 жылдың шілде айында басаталады, деді аталмыш аймақта болып қайтқан үкімет басшысы Даниал Ахметов.

  • 7 Желтоқсан 2006
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның даму институттары жақсы жұмыс жүргізді, келесі жылдың шілде айында мұнда инвестициялық құны 450 млн. $ тұратын алты жоба жүзеге асырылады деп толық сеніммен айтуға болады», деді Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапармен келген премьер-министр Даниал Ахметов.

Үкімет басшысы 2008 жылы жаңа өндіріс орындары алғашқы өнім бере бастайтындығын атап өтті.

«Мен мұнда үкіметтің арнайы экономикалы аймақ құру туралы тапсырмасының орындалу барысымен танысу үшін арнайы келдім. Біздің діттеген жоспарымыздың бәрі жүзеге асып жатыр екен. Біз тек қоршалған алаңды ғана емес, инженерлік коммуникацияларды да байқап отырмыз», деді арнаклы экономикалық аймақты көріп шыққан үкімет басшысы.

Премьер -министр өндіріс қуаттарын арнаулы экономикалық аймағында орналастыруға ниет білдірген бірнеше қазақстандық және шетелдік компаниялардың экспозицияларымен танысты. Атап айтқанда, құрылтайшылары екі Түрік компаниясы болып табылатын «Kazdemir компаниясы, «Beneton» компаниялары тобы, Пәкістанның «Tabani group» және Оңтүстік Кореяның «Ritex» компаниясы.

«Тұжырымдамаға сәйкес, біз тек қазақстандық тауар өндірушілер мен инвесторларды ғана тартуды көздеп отырған жоқпыз,-дейді Д.Ахметов. -Мұнда әлемдік брендттар болады, яғни арнаулы экономикалық аймақ өнімі әлемдік нарыққа сәйкестендіріліп жасалады».

Арнаулы экономикалық аймақпен танысқаннан кейін үкімет басшысы «Заречное» уран кен орнының салтанатты ашылу рәсіміне қатысу үшін тікұшақпен Отырар ауданына аттанды.

Жаңа өндіріс орнынының салтанатты ашылуынан кейін премьер министр Астанаға оралады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта