Оның ақпараты бойынша, барлық композицияны салу үшін бірнеше мың мұз кірпіш қажет. «Ал, бүгінде мұз тапшы. Біз Шүлбіге тапсырыс бердік, кірпіш қалыңдығы 20 сантиметрден кем болмауы тиіс. Алайда, бұл өлшемге әлі қол жеткен жоқ — күн жылы, Ертіс қатқан жоқ. Бірақ аяз болады деген сенімдеміз»,-дейді И.Панин.
Паниннің айтуына қарағанда , мұз қалашығының құрылысына қалалық бюджеттен 880 мың теңге бөлінген. Биыл қалашық әдеттегідей орталық алаңда емес, қалалық демалыс саябағында орнатылады. «Орталық алаңға 18 метрлік шырша қойылады. Біз оны қайтарымсыз көмек ретінде облыстық табиғи ресурстар департаментінен сұрап алдық», деді И.Панин. Саябаққа 9 метрлік шырша, екі сырғанақ алаңы (ересектер мен балаларға арналған) лабиринт және мұздан жасалған пішіндер — Аяз Ата мен Ақша Қар, келер және кетер жылдардың символдары ретінде ит пен шошқа орнатылады. Соынмен қатар, қалалық мектептерге саябақта өздерінің композицияларын жасау ұсынылды.
Қалашық құрылысын 1 желтоқсанда бастау жоспарланған болатын. Енді ауа райына байланысты болады. И.Панин, «аязды күтеміз, сосын түнгі уақытты да пайдаланып , құрылысты жедел жүргіземіз. 25-27 желтоқсан күндері қалашықты толық салып бітіреміз деген жоспар бар»,-дейді.
Сондай ақ, Семейдегі барлық мекеме мен кәсіпорындарға 11 желтоқсаннан кешікпей жаңа жылдық әшекейлеуге кірісу тапсырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті