Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры Қазыбек Төлебаевтың пікірінше, Қазақстанда бекітілген Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының шылымға қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының нормаларына сәйкестендіріп бірқатар заңдарға өзгерістер енгізу қажет. «Ең әуелі, шылым жөніндегі негіздемелік конвенция салық салу мәселесін шешуге жол береді, себебі бізде шылым өнімдерінің бағасы мен оған салынатын салық мөлшері әлдеқайда төмен»,-дейді ол. Екіншіден, Қ.Төлебаевтың айтуынша, «бұл бізге шылым жарнамасына толық тыйым салуға мүмкіндік береді». Оның сөзіне қарағанда, «бізде шылымды жасырын және жанама жарнамалау сақталып отыр».
Сонымен қатар, конвенцияға сәйкес, шылым өнімдерінің қораптарындағы ескерту жазуларын 50 % дейін (қазіргі кезде -20%) ұлғайту керек, бұл «шылым тартудың зияндылығы туралы «ақпаратты тарату үшін» қажет.
«Шылым түтінінен ада Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының атқарушы директоры Талапқали Ізмұхамбетов, қазақстандықтар «заңға сәйкес қажетті ақпараттарды ала алмайды, одан бейхабар «, дейді. «шылым тартуға тыйым салатын ескертпе жазу алтындалған жазумен жазылған, бұл көзге қатты байқалмайды, ал еуростандарт бойынша «Шылым тарту өлтіреді» деген жазу 50% дейін көлемді алып, қара жиекпен қоршалған,-дейді.
Шылымға қарсы күрес жөніндегі Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының негіздемелік конвенциясы Қазақстанда ағымдағы жылдың қараша айының соңында бекітілді. Баспасөз мәслихатына қатысуышлардың мәліметінше, ҚР азаматтардың денсаулығын сақтауға және Қазақстанның болашағын шылымның түтінінен аман алып қалуға бағытталған нәтижелі заң енгізуге міндеттеме алған 141-ші ел.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті