АҚШ елшілігі қазақстандық кришнаиттердің үйлері бұзылуға байланысты алаңдаушылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ елшілігі қазақстандық кришнаиттердің үйлері бұзылуға байланысты алаңдаушылық білдірді

АҚШ елшілігі қазақстандық кришнаиттердің үйлері бұзылуға байланысты алаңдаушылық білдірді

АСТАНА. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстандағы АҚШ елшілігі Алматы облысының Қарасай ауданында кришнаиттердің үйлері бұзылуға байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2006
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Елшілік «Общество сознания Кришны» коммунасына қарсы бағытталған іс-әрекеттердің заңдық негіздемесіне алаңдаушылық білдіреді»,- делінген елшіліктің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

«Бұл істің негізінде не жатқанына қарамастан, үй қожайындарын аязда үйлерінен қуып шығып, олардың мүлкін құртып жіберу сот әділдігі мен әділеттілік прициптеріне қайшы келеді»,- делінген мәлімдемеде. «Және биіктің бұл әрекетті екі жақты бірдей қанағаттандыратын шешім табуға уәкілетті арнаулы комиссия өзінің нұсқауларын жария етпей жатып жүзеге асыруы айрықша алаңдатады»,- делінген құжатта.

Бұған қоса АҚШ елшілігі «Қарасай ауданы әкімшілігінің коммунаға қарсы басқыншылық әрекеттерін одан әрі жалғастырып жатқанына» алаңдайды. Үйлер қиратылғаннан бері де біраз уақыт өткеніне қарамастан, «билік тарапынан ахуалды түзетуге ешбір қадам жасалған жоқ», делінген елшіліктің мәлімдемесінде. «Іс жүзінде жағдай тіптен ушыға түсті. Билік коммунаға қарасты меншік мәселесі бойынша тағы бір сот мәжіліісін тағайындап үлгерді»,- делінген құжатта.

Осыған байланысты АҚШ елшілігі Қарасай ауданының басшылығын «халықаралық «Общество сознания Кришны» қоғамының мүшелеріне қарсы бұдан былайғы басқыншылық көріністерден бас таруға» және «аталмыш заңгерлік дауды бейбіт әрі әділ жолмен шешу үшін жұмыс істеуге» шақырды.

Осыған дейін хабарлағандай, Алматы облысы Қарасай ауданындағы жер телімін «Общество сознания Кришны» ұйымы 1999 жылы қол жеткізген болатын. 2005 жылы аудандық әкімшілік кришнаиттерді жерді өзге мақсатта қолданды деп сотқа арыз берген. 2006-жылдың 21-қарашасында сот үкімін орындаушылар кришнаиттерге тиесілі 14 үйді құлатты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта