Түпқараған учаскесінде инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін экологиялық мониторинг бағдарламасы әзірленді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түпқараған учаскесінде инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін экологиялық мониторинг бағдарламасы әзірленді

Түпқараған учаскесінде инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін экологиялық мониторинг бағдарламасы әзірленді

АҚТАУ. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today. Экологиялық талаптарға сай және №2 ұңғыны бұрғылау алдында Түпқараған учаскесінде жоспарланған инженерлік -геологиялық іздестірудің (ИГІ) теңіз суы мен табиғи ресурстарға әсер ету деңгейін анықтау мақсатында қоршаған ортаға мониторинг жүргізу бағдарламасы әзірленді. Бұл жөнінде қоғамдық тыңдауда "Sustainable Ecology Development" (SED) экологиялық зерттеулер консалтинг орталығы департаментінің менеджері Әділ Абатов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2006
  • 657
Фото - Caravan.kz

А. Абатовтың айтуынша, аталған бағдарламаға теңіз суына гидрометеорологиялық бақылау, гидрофизикалық және гидрохимиялық зерттеулер жасау , теңіз түбін зерттеу, гидробиологиялық зерттеулер кіреді.

Сонымен қатар, ол инженерлік-геологиялық іздестіру шараларын жүргізген кезде қоршаған ортаға тигізетін әсерінің бағасы бойынша, қысқа мерзімді қызмет барысында қоршаған орта құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайтындығын айтады. А.Абатовтың сөзіне қарағанда, ИГІ қоршаған ортаға әсер ету факторларын жіті сараптау, жоспарланған жұмыстардың «Солтүстік Каспий аймағындағы экологиялық жағдайға» және «Солтүстік Каспий аймағындағы арнайы экологиялық талаптарға» сәйкестігін байқатты .

Инженерлік-геологиялық іздестірудің ұсынылып отырған технологиясы Каспий учаскелерінде бірнеше мәрте сынақтан өткен, және экологиялық қауіптілігі өте төмен, деді экологиялық зерттеудер департаментінің менеджері. Апат салдарынан кері әсер беретін төтенше экологиялық жағдайдың туындау мүмкіндігі төмен, деді ол. «Қоршаған ортаға әсер ету деңгейі шектен шықпайды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қоршаған ортаның жағдайына кері әсер ететін ештеңе жоқ»,-деді А.Абатов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта