Елдің сыртқы саясат жөніндегі мекемесі Қырғызстан азамаиын атып тастаған АҚШ сарбазы закари Хэтфильдті иммунитеттен айыру және «қайғылы оқиғаны жан-жақты әрі обьективті зерттеу үшін» З.Хэтфильдтің ел аумағынан шығып кетуіне жол бермеу жөнінде екі талап қойды.
Қырғызстан СІМ-нің ақпарат бөлімі «Қырғызстан жағының АҚШ тарапынан тиісті өтемақыны толық көлемде төлеп беруді талап ету құқығына ие екенін» атап көрсеткен.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6-желтоқсанда жергілікті уақытпен 15 сағат шамасында АҚШ әуе базасының сарбазы әуе базасының бақылау-өткізу бөлімінде «Эйркрафт Петролеум» компаниясының жанармай тасушы көлігінің 42 жастағы жүргізушісі Александр Ивановты атып өлтірді. АҚШ әуе базасы басшылығының айтуынша, АҚШ әскері аэродромға қызмет көрсетуші жүргізуші тарапынан қатер төнуге байланысты оған қаратып екі оқ атқан. «АҚШ Әскери әуе күштерінің жауынгері Манас әуежайындағы тексеру-өткізу бекетіне кіре берісте қатер төнуге байланысты жауап ретінде күш қолданған, оның арты өлімге апарып соқты».
Ганси әуе базасы 2001-жылдан бері Бішкектен 30 шақырым жердегі халықаралық Манас әуежайының аумағында орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті